Ұлыбританияда инфляция дес бермей тұр
Елдегі баға 8,7%-ке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай 31 жыл болмаған деп дабыл қағып жатыр. Енді елдегі банктер проценттік мөлшерлемені тағы көтереді деген болжам бар. Осылайша, Ұлыбритания инфляция жағынан Италияны қуып жетті. Ал ең жоғары көрсеткіш Австрияда тіркелген еді. Бұған дейін елдің премьер-министрі Риши Сунак инфляцияны 5%-ке дейін төмендетеміз деп уәде берген еді. Бірақ тиісті шаралар жүзеге аспай отыр, - деп қынжылады сарапшылар.
Джереми Хант, Ұлыбританияның Қаржы министрі:
- Инфляция көрсеткіші біз болжағандай төмендемей тұр. Азық-түліктің бағасы өсіп барады, бұл – алаңдатарлық жағдай. Енді өндіруші компанияларға барынша жеңілдіктер жасалу керек. Халықаралық валюта қоры инфляцияны төмендету жұмыстарын қолдап отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті, біз шұғыл әрекет жасауымыз керек.