Сомали түбегіндегі елдерге шұғыл көмек көрсетіліп жатыр
БҰҰ-ға мүше елдер Африкадағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекеттерге шұғыл түрде 2,4 млрд доллар бөлуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаржы қуаңшылықтан туған азық-түлік тапшылығымен күресу үшін қажет. Құрғақшылықтан Эфиопия, Кения, Сомали және Джибутиде 43 млн адамға ашаршылық қауіпі төнген.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, жалпы гуманитарлық шараларға 7 млрд доллар қажет.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Бұл – осы аймақ тарихындағы ең ұзақ қуаңшылық. Түбекте көп жылдарға созылған қарулы қақтығыстардан тұрғындардың жаппай бас сауғалап көшуі белең алған. Азық-түлік тапшы. Осы себепті мен әлем елдерін аймаққа жедел гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржылай қолдау білдіруге шақырамын.