Италияда су тасқыны елді әбден әбігерге түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір билік шығын көлемін есептеп жатыр. Апаттан әсіресе ауыл шаруашылығы айтарлықтай зардап шеккен.
Егіс алқаптарын су басып, 10 млн-нан астам ағашты опырып кеткен. Әсіресе жүзім және жүгері плантациялары пайдаға аспай қалуы мүмкін. Фермерлер бір жылдық табысынан айрылған көрінеді. Сарапшылар ауыл шаруашылығын қалыпқа келтіру үшін кем дегенде 3 жыл қажет деп отыр. Зардап шеккендерге 2 млдр еуро бөлінеді. 20 мың адам үйін тастап кетті.
