Оңтүстік Корея және АҚШ қарулы әскері ауқымды әскери жаттығу өткізді

Оңтүстік Корея және АҚШ қарулы әскері ең ауқымды бірлескен әскери жаттығу өткізді.

Оған 2,5 мыңдай сарбаз бен жүздеген әскери көлік жұмылдырылды. Қос елдің жауынгерлері Солтүстік Корея жағынан шабуылға тойтарыс беруді пысықтады. Пхеньян болса ұйымдастырылған жаттығу жағдайды одан сайын ушықтырады деп отыр.