Түркия билігі Сириялық босқындарды еліне қайтара бастады
Түркия билігі сириялық босқындарды отанына қайтара бастады.
500 мың адамды Сирияның солтүстігінде салынған үйлерде орналастырады. Сондай-ақ, Катармен бірлесіп тағы да бір миллион үйдің құрылыс жүріп жатыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Жалпы елде үш жарым миллиондай сириялық босқын тұрып жатыр. Оппозициядан ұсынылған президенттікке үміткер Кемал Кылычдароглу да сайлауда жеңіске жетсе, барлық босқындарды елдеріне қайтаратынын жариялаған болатын. Ол миграциялық дағдарыс үшін жауапкершілікті Ердоғанға артты. Еске салып кетейік, алдағы жексенбіде Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.