Жапония жартылай өткізгіштерді сатуға шектеу қойды
Қытай Сауда министрлігі Жапония билігін халықаралық сауда ережелерін бұзды деп айыптап отыр.
Жуырда ресми Токио жартылай өткізгіштерге қатысы бар 23 тауарды экспорттық бақылау тізіміне қосты. Яғни чип өндірісіне қажетті өнімдерді Қытайға сатуға шектеу қойылды.
Шу Цзюэтин, Қытай Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Бұл - еркін сауда қағидаты және халықаралық экономикалық пен сауда ережелерін бұзу. Қытай мен Жапониядағы кәсіпорындардың мүдделеріне зиян тиігізіп, қос елдің экономикалық пен сауда ынтымақтастығына нұқсан келтіреді.