Румынияда мұғалімдер ереуілі басылмай тұр
4 күн қатарынан мыңдаған адам Бұхаресттің орталық көшелеріне шықты.
Оқытушылар үкіметтің штаб-пәтерінің алдына жиналып, жалақыны көтеруді және білім беру саласына қолайлы жағдай жасауды талап етті. Мұғалімдердің айтуынша, олар айына шамамен 480 еуро алады, ал бұл елдегі бекітілген орташа жалақыдан екі есе төмен. Мектептерде маман тапшы. Себебі азғантай жалақыға жастар жұмыс істегісі келмейді.
Даниэла Пакурар, физика мұғалімі:
- Мен бұл салада 31 жыл жұмыс істеп келемін. Бірақ жалақым өте төмен. Қазіргі ұстаздардың жағдайын айтатын болсам, не күлерімді не жыларымды білмеймін. Мұғалімдердің күн көрісі нашарлап кетті. Біз райымыздан қайтпаймыз, ереуілдер жалғасады.