Еуропалық Одақ пен Google жасанды интеллект туралы бірлескен келісім дайындауда
Құжат нейрондық желілер тудыратын қауіптерден қорғауға арналған.
Бұл акт Еуропалық Одақта жасанды интеллектке қатысты заң пайда болғанға дейін уақытша жұмыс істейді. Құжат негізі адамзат пен оның игілігі үшін жасалған. Брюссель бұл жобаға ірі IT-компанияларды жұмылдырып отыр. Әзірге өзге мәліметтер жария етілмейді. Бұл құжатты енді Еуропалық Парламент пен Одаққа мүше елдер мақұлдауы тиіс. "Оны бекіту жұмыстарына 3 жыл уақыт кетуі мүмкін", - дейді мамандар.