Жапонияда тапа-тал түсте атыс болды
Жапонияда оқыс оқиға тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тапа-тал түсте елдің Накано қаласында атыс болып 4 адам көз жұмды. Полицияның деректеріне қарасақ, бетперде таққан ер адам бір әйелді пышақтап, басқа адамдарға оқ жаудырған. 2 полицей оқиға орнында көз жұмыпты. Атысты ұйымдастырған 31 жастағы ер адам 12 сағаттан соң тұтқындалды. Сондай-ақ күдікті мылтығының арнайы аңшылыққа арналғаны анықталды. NHK телеарнасының деректеріне сәйкес, ер адамның жергілікті бір шенеуніктің баласы екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кету керек, Жапонияда қарулы атыс өте сирек кездеседі. Себебі қару-жарақ саудасы мұқият бақылауда ұсталады. Кез келген адам қаруға лицензия алмас бұрын түрлі қатаң талаптардан өтуі тиіс.