II Еуразиялық экономикалық форумның қорытындысы қандай?
Еуразиялық экономикалық одақтың басты сауда серіктесі Қытаймен арадағы тауар айналымы былтыр 220 млрд долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал Үндістанмен сауда-саттық 3, Иран және Түркиямен 2 есеге дейін өскен. Еуразиялық экономикалық форумның қорытынды жиынында осындай деректер айтылды. Өзара сауда айналымы былтыр 1 трлн доллар болып, импорт көлемі артқан.
Сергей Глазьев, ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі:
- Өзара сауда саласында айтарлықтай жетістіктер бар. Екіншіден, бірлескен инвестициялық бағдарламалар үлкен серпін алды. Біздің барлық қатысушы елдеріміз бүгінде Ресей нарығында белсенді жұмыс істейді және бұл өзара пайдалы. Сондай-ақ одақтың географиясы түбегейлі өзгерді. Егер бұрын ЕО біздің сауда-саттықтың жартысын иемденсе, қазір ол Азия елдеріне тиесілі. Мұның бәрі – 1 жылда ғана болған прогресс.