Косовода қайтадан қақтығыс болды
Қақтығыста ондаған адам жарақат алып, полиция көлігі өртенді.
Тәртіп сақшылары газ қолданып, ереуілшілерді күшпен таратып жіберді. Косово 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған болатын. Бірақ Белград пен Мәскеудің қарсылығынан БҰҰ-ға мүше бола алмаған еді. Бір миллион 800 мың халқы бар Косовода сербтердің үлесі 5 процент төңірегінде. Олар негізінен Сербиямен шекаралас солтүстіктегі 4 муниципалитетте тұрады. Соңғы кезде осы аймақта қақтығыс жиілеп кетті.