Сербияда президент жақтастары шеруге шықты

Сербияда ондаған мың адам  президент Александр Вучичті қолдап, шеруге шықты.

Осыған дейін бұл елде үкіметке қарсы наразылық шаралары өткен болатын. Мамыр айында елде екі рет атыс болып, 18 адам қаза тапқан. Оппозиция бұған билікті айыптап, ереуілдер ұйымдастырды. Ал Александар Вучич қарсыластарын айыптап, өз партиясының басшысы қызметінен кететінін жариялады. Ол жаңа жалпыұлттық қозғалыс құруды көздеп отыр.