Судандағы босқындар Оңтүстік Суданға қашып барды

Судандағы ондаған мың босқын Оңтүстік Суданға бас сауғалады.

Олар екі ел шекарасында лагерь құрған. Ал Суданда Қарулы күштер мен Жедел әрекет жасақ арасында қақтығыс болып жатыр. Әскери қимылдардан 860 бейбіт адам қаза тауып, 4 мыңға жуық тұрғын жараланған. Алайда Оңтүстік Суданда да жағдай мәз емес. Бұл елде ұзаққа созылған азамат соғысы кезінде 400 мыңдай адам қаза тауып, миллиондаған тұрғын босып кетті. Жауласқан тараптар осыдан бес жыл бұрын бейбіт келісімге қол қойған еді. Бірақ одан жағдай оңалған емес.