Ердоған: Тек екі кандидат ғана қалдық
Түркияның президенттігіне үміткерлер дауыс берді.
Елдің қазіргі президенті, "Республикалық альянс" коалициясының кандидаты Реджеп Тайип Ердоған Ыстамбұлда Саффет Чеби мектебінде дауыс берсе, оның қарсыласы «Халық альянсынан» үміткер "Республикалық халық" партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлу Анкарадағы Аржантин мектебіндегі сайлау учаскесінде дауыс берді. Қос үміткер таңдауын жасап, БАҚ-қа арнайы мәлімдеме жасады.
Айта кеткен жөн, бірінші турда елдің қазіргі президенті, Республикалық альянс коалициясының өкілі Реджеп Тайип Ердоған 49,52%, ал оның оппозициялық қарсыласы «Халық альянсынан» үміткер Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлу 44,88% дауыс жинаған еді. Бірінші турда үміткерлер үшін 50% меже болса, бұл жолғы саяси додада бір дауыстың өзі шешуші болмақ.
Реджеп Тайип Ердоған, республикалық альянсынан үміткер:
- Алғаш рет екі турдан тұратын сайлауға куә болып отырмыз. Бірінші тур 14 мамырда өтті. Бүгін біз екінші турда тек екі үміткер бар. Халқымыз тек екі кандидатқа дауыс беретіндіктен бүгінгі дауыс беру тез аяқталады деп ойлаймын. Әлем тарихында сайлаушылардың 90% дейін қатысқан ел болған жоқ. Бұл еліміздің демократия үшін күресін көрсетті. Бүгін де солай істейтініне сенемін. Елiмiзге, ұлтымызға игі болсын деп Алладан тілеймін. Азаматтарымыздан сайлаудың соңғы минуттарына дейін дауыс беруін сұраймын.
Кемал Кылычдароғлу, Халық альянсынан үміткер:
- Қысымнан құтылу, авторитарлық биліктен арылу, демократияның орнауы және елге нағыз еркіндік пен демократия үшін дауыс беруге шақырамын. Дауыс беріңіз. Себебі бұл сайлау өте қиын жағдайда өтті. Бірақ мен халықтың парасаттылығына сенемін. Бұл сайлаудан кейін елде бейбітшілік пен демократия орнайды. Дауыс беріп, өз таңдауын жасаған барлық азаматтарға шын жүректен құрметімді білдіремін.