Түркиядағы сайлаудың екінші турында Ердоған алға шықты

Түркиядағы сайлаудың екінші турында Ердоған алға шықты

Түркияда сайлау учаскелері жабылып, елдегі президент сайлауындағы дауыстарды санау басталды.

Екінші турда қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мен оппозицияның бірыңғай кандидаты Кемал Кылыдароғлу бақ сынасты. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жабылды. Президент сайлауының 100% нәтижесі түн ортасына қарай белгілі болуы мүмкін. Тап қазір Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турында сайлаушылар берген бюллетеньдердің 82,64% саналды. Оған сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған 53,41%, ал Кемал Кылычдароғлы 46,59% дауыс жинады. 100% дауыс алдағы бірер сағатта белгілі болмақ. Екінші турдағы дауыс берушілердің шамамен 85% қатысқан.