Жасанды интеллектті пайдалану ережесін жазушыларға миллион доллар беріледі
"Чат Джи-Пи-Ти"-ді құрастырушылар жасанды интеллект жасап шығару бойынша ережелер дайындау үшін 1 миллион доллар бөлмекші.
Бірлестік қаржыны осыған қатысты этикалық мәселелердің шешімін ұсынған 10 компанияға бөліп бермек. Олардың арасында саясаткерлерді сынау, нәсілшілдік пікір білдіру сынды түйткілдер бар. Осымен қатар "Чат Джи-Пи-Ти"-дің ғаламторда жалған ақпарат беру мүмкіндігі де алаңдатып отыр. Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық Одақ әлемде бірінші болып жасанды интелектіні қолдану бойынша заң жобасын бекіткен.