Түркияда дауыс санағы жүріп жатыр

Түркияда сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау басталды.

Президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мен оппозицияның бірыңғай кандидаты Кемал Кылычдароғлу бақ сынасты. Анадолы ақпарат агенттігінің есебінше, бюллетеньдердің 96,60%  саналды. Оған сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған 52,24%, ал Кемал Кылычдароғлы 47,76% дауыс жинады. Бірақ нақты нәтижесі бірер сағаттан соң белгілі болмақ. Саяси науқанның екінші турына дауыс берушілердің шамамен 85% қатысқан.

Ахмет Йенер, жоғарғы сайлау кеңесі төрағасы:

- Қазірге дейін саналған дауыс саны 26 миллион 781 мың 551. Оның  26 миллион 412 мың 590 жарамды. Қалған 368 мың 96-і жарамсыз. Қазірге дейін дауыстың 54,60% саналды. Санау жұмыстары жалғасуда.  Әзірге Режеп Тайып Ердоған мырза 54,47%, Кемал Кылычдароғлу 45,53% дауысқа ие.