Режеп Тайип Ердоған президенттік сайлауда жеңіске жетті
Түркияда президенттік сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды.
Мемлекеттің қазіргі басшысы Режеп Тайип Ердоған 52.1% дауыс жинап, тартысқа толы доданың жеңімпазы атанды. Ал оның қарсыласы Кемал Кылычтароғлұға сайлаушылардың 47,9%-ы дауыс берді. Президент болып қайта сайланған Режеп Тайип Ердоған «Түркия ғасырының басталғанын» мәлімдеді. Бейресми қорытынды жарияланғаннан кейін, көпшілік өңірлердегі партия ғимаратына, ал анкаралықтар болса Президент резиденциясына бет алды. Ердоған жақтастары жеңісті осылай тойлады. Шет елдердің басшылары сайлаудың ресми нәтижесін күтпей, Түркия президентіне өз құттықтауларын жолдап жатыр.