Чилиде адамдар флешмоб кезінде велосипед пішінін құрап тұрды

Чили астанасы Сантьягода тұрғындардың көмегімен әлемдегі ең үлкен велосипед жасалды.

Оған 3 мың адам қатысты. Шара биыл қазан мен қараша айларында осы шаһарда өтетін Панамерикандық және Парапанамерикандық ойындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Белсенділер Гиннес рекордын жаңартуға да үмітті. Соңғы рет мұндай шара Ресейдің Мәскеу қаласында өтті. Оған 2620 адам қатысқан.