Байқаушы: Түркиядағы сайлау әділ өтті
Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші туры ашық әрі әділ өтті.
Саяси доданың бірінші турдан айырмашылығы жоқ. Халықтың белсенділігі де сол күйінде болды. Бұл Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы атынан Түркиядағы сайлауға байқаушы ретінде барған Самат Мұсабаевтың пікірі. Мәжіліс депутатының айтуынша, сайлау учаскелеріндегі қорытынды шамамен жарты сағатта шыққан.
Самат Мұсабаев, ТүркПА байқаушысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл сайлау демократиялық тұрғыдан тартысты өтті. Ашықтық, әділдік, демократияның көрінісі болды. Біз енді Түркия бауырлас елдерде де осындай ашық сайлау өтсе дейміз. Өзімнің ойым, әділдік осы сайлаудан басталады. Былай енді бақылаушысы емес, Қазақстан азаматы ретінде осы сайлауға қызықтым. Бізге де жұғысты болсын деймін. Түркия халқын жаңа президентімен құттықтаймын.