Байден мен Маккарти келісімге келді

АҚШ президенті Джо Байден мен Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти мемлекеттік қарыздың шекті мөлшерін көтеру жөнінде өзара келісімге келді.

Ел экономикасын дефлотқа ұшыратпай, аман алып қалу үшін Конгресс заңды қабылдап үлгеруі керек. Бірақ Байден мен Макаррти келіскенімен конгрессмендер сынына ұшырауы мүмкін. АҚШ-тың ұлттық қарызының шегін 31,4 триллион доллардан ары қарай көтеру үшін қос палатаның мақұлдауы керек. Республикалықтар елді үздіксіз қарызға батырмай, мемлекеттік шығындарды қысқартуды талап етіп отыр. Ал демократтар өз ұпайы түгел болуы үшін оған келіспеген еді. Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти президентпен қол жеткізген уағдаластық «барлығы қалағандай» болмайтынын айтып қалды. Соған қарағанда текетірес жалғасатын түрі бар.

Патрик Макгенри, Өкілдер палатасының конгресмені:

- Келіссөздер өте қиын болды. Бірақ нәтижесінде Вашингтондағы шығындарды түбегейлі өзгертуге келістік. Бұл соңғы екі жылдағы ең үлкен шығындарды қысқарту және осы әкімшіліктің жасап отырған елеулі өзгерісі. Бұл Вашингтондағы қаржыландыру траекториясын өзгертетін нәрсе. Бұл өте маңызды.