Айова штатында үйдің төбесі опырылып түсті

АҚШ-тың Айова штатында көп қабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып, 8 адам құтқарылды.

Оқиға Давенпорт қаласында болды. Апаттың себептері белгісіз. Іздестіру-құтқару шаралары әлі жүріп жатыр. Жалпы тұрғын үйде 84 пәтер болған. Тұрғындар бұған дейін кешенді құрылыс сапасын қадағалаушы органдар бірнеше рет келіп тексергенін айтады.