Суданда ел азаматтарына жіберілген гуманитарлық көмек ұрланды
Суданда бүлік басталғалы ел азаматтарына гуманитарлық көмек ретінде жіберілген 17 мың тонна азық-түлік ұрланған.
Бұл туралы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, гуманитарлық жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша күш жұмсалғанымен, бәрібір талан-таражға түсіп, тоналып кетіпті.
Бүгінде Суданда азық-түлік тапшылығы өткір сезіледі. Алдағы айларда тағы 2,5 млн судандық аштықпен бетпе-бет келеді деген қауіп бар. Қазірдің өзінде олардың саны 10 млн-нан асады.