Еуроодақта өрт сөндіруші ұшақ саны артады
Еуроодақ өрт көздерін жедел анықтап, оларды тиімді сөндіру үшін әуе флотын 2 есе ұлғайтпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нәтижесінде өрт сөндіру авиациясы құрамында 24 ұшақ пен 4 тікұшақ болады. Бұл жоспарды одақ өкілдері жазғы орман өрті маусымына дейін жүзеге асыруды көздеп отыр. Өйткені кейінгі уақытта кәрі құрлық аумағында орман өрті тым жиілеп кеткен. «Соңғы жылдары бұл өте үлкен проблемаға айналды. RescEU бағдарламасымен көмек сұрағандар қатары кейінгі онжылдықтарда орташа есеппен 350%-ке артты», - дейді одақ өкілдері.