НАТО Косовоға 700 сарбаз аттандырады
НАТО Косовоға жағдайды тұрақтандыру үшін тағы 700 сарбазын аттандырады.
Бұл туралы Норвегия астанасы Ослода ұйымның Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Косовода өткен жұма күні ахуал шиеленісіп, соңы қақтығысқа ұласты. Тәртіпсіздіктерге этникалық албандардың аймақтың солтүстігіндегі сербтер тұратын қалаларда басшылық қызметтерге келуі түрткі болды. Йенс Столтенберг Приштина мен Белградты жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдауға шақырды.
Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:
- НАТО күштері Косоводағы барлық азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге дайын. Біз БҰҰ мандатына сай әділ әрекет етуді жалғастырамыз. Батыс Балқандағы жедел қимылдау жасақтарының тағы 700 сарбазын Косоваға жіберу жөнінде шешім қабылдадық. Тағы бір резервтегі батальон жоғары дайындық әзірлігіне келтірілді.