Испанияда 35 мигрант құтқарылды

Испанияда 35 мигрант өлім аузынан аман қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Канар аралдарының жағажайында Аргинегин портында болған. Босқындар мінген қайық Маспаломас өңіріне жақындай бергенде аударылыпты. Негізі олар Африкадан Еуропаға теңіз арқылы жетпек болған. Құтқарылдандардың қатарында әйелдер де бар. «Қызыл Крест» ұйымы зардап шеккендерде көмек көрсетті. Қазір олардың құжаттары тексеріліп жатыр.

Жалпы Канар аралдарына былтыр 16 мыңға жуық мигрант келген екен. 2021 жылы бұл көрсеткіш 30%-ке көбірек еді.