Анкарада толассыз жауыннан су тасыды
Түркия астанасында толласыз жаңбыр құйып, қаланың кей аудандарын су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе шаһардағы жер асты жолдары суға тез толып, көлік қозғалысы қиындады. Өткелдерде тұрып қалған бірнеше көліктен адамдар аман-есен құтқарылды. Түркия сауда палатасы кәсіподағының жиын өткізу үшін құрған шатыры құлап қалған. Жапа шеккендер жоқ. Шаһар билігі су тасқыны салдарымен күрес жүріп жатыр.