АҚШ балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қойды
АҚШ-тың Юта штатында 18 жасқа жетпеген жеткіншектер ата-аналарының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерді пайдалана алмайды.
Штат губернаторы осындай заңға қол қойды. Заң 2024-жылдың наурыз айында күшіне енеді. Бұл Тикток, Инстаграм және Фейсбук платформаларына қатысты болады. Мамандар әлеуметтік желілердің кәмелетке толмағандарға әсері жөнінде пікірлерін білдіріп жатыр. Жаңа жылдан бастап Монтана штатында Тиктокті жүктеуге тыйым салынады.