ЕО өрт қауіпсіздігіне қамданды
Еуропалық Одақ өрт сөндіру, әуе құралдарының паркін толықтырады.
Қосымша резервті 24 ұшақ және 4 тікұшақпен толықтырады. 500-ге жуық өрт сөндірушіден құрылған топ Франция, Грекия және Португалияға аттанбақ. Бұл жаз мезгілінде ормандарда болуы мүмкін қызыл жалынның алдын алуға жасалып жатқан қадам. Айта кетерлігі, Еуропаның көп бөлігі қазірдің өзінде су тапшылығын сезінуде. Салдарынан фермерлер биыл аз өнім аламыз деп уайымдап отыр. Құрғақшылық әсіресе Испания, Португалия және Франция жерінде өткір байқалуда.
Янез Ленарчич, ЕО Дағдарысты басқару жөніндегі комиссары:
- Соңғы жылдары Орталық және Солтүстік Еуропа елдерінде орман өрті көбейді. Жақында Италияда, ал 2 жыл бұрын Германия мен Бельгияда су тасқынымен күресуге тура келді. Сондықтан біз бүкіл механизм бойынша ТЖ-да әрекет ету әлеуетімізді арттырып жатырмыз.