Ұлыбританияда балаларға вейп сатуға тыйым салынады

Ұлыбритания билігі кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр.

Қазір тиісті заң жобасы әзірленіп жатыр. Электронды темекіні тегін таратуға да шектеу қойылады. Елде темекі түрлерінің кең етек жаюы мамандарды алаңдатып отыр.

Риши Сунак, Ұлыбритания премьер-министрі: 
- Бұл өнімдер ересектерге арналмаған. Ол - балалардың қызық көріп, әуестенуі үшін жасалған зат. Түрлі хош иістендіргіш пен дәм қосуы да сондықтан. Қазір халық арасында осы шылым түрлеріне қатысты сауалнама жүргізіліп жатыр. Жалпы біздің мақсатымыз балалар арасында вейптердің таралуын қысқарту. 

Өз кезегінде Швеция темікіге тәуелділіктен құтылған тұңғыш ел атануы мүмкін. Мамандардың есебінше тұрғындардың 5 пайызы ғана шылым шегеді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл елді ресми түрде темекіден арылған мемлекет деп таныды.