Саңырауқұлақтарды құрылыс материалы ретінде қолдануға болады
Саңырауқұлақтарды тек тұтынуда ғана емес, құрылыс материалы ретінде де қолдануға болады.
Британдық ғалымдар жуырда осындай жаңалық ашты. Мамандардың айтуынша, саңырауқұлақтың вегетативті бөлігі үй блоктарын жасауға әбден жарамды. Тіпті кез келген пішінді де қабылдай береді екен. Әдеттегі бетон мен болаттан басты айырмашылығы да осы. Сонымен қатар, мұндай үйлер қоршаған ортаға ешқандай зиян тигізбейтін көрінеді. Яғни экологиялық тұрғыдан таза. Сондықтан атмосфераға тарайтын зиянды заттар көлемін қысқартуға да мүмкіндік бар дейді ғалымдар.