Еуропарламент сайлауын шетелдік араласудан қорғау керек

Еуропарламент сайлауын және демократиялық процестерін шетелдік араласудан қорғау керек.

Брюссельдің пленарлық отырысында осыған қатысты ресми құжат бекітілді. Оны парламенттің 70 пайыздан астамы қолдады. Қаулы онлайн-платформаларды, стратегиялық секторларды сақтап, шетелдік субъектілердің кибершабуылдары мен саяси қызметті жасырын қаржыландыру әрекеттеріне қарсы тұруға негізделген. Депутаттар әсіресе Қытай мен Ресейден қорғану керек деп отыр. Мәселен, Еуропалық Одақ мекемелерінде TikTok-қа тыйым салу ұсынылды.