Будапешт көшелеріне мыңдаған оқытушы наразылық шараға тағы шықты.
Жиналған жұрт жаңа заңға қарсылықтарын білдірді. Реформаға сәйкес, мұғалімдер мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айырылады, ал бұл оларға жұмыс жүктемесін көбейтеді екен. Сондай-ақ ұстаздар жалақыны өсіріп, қолайлы жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Егер жаңа заң күшіне енсе, 5 мыңға жуық мұғалім жұмыстан кетеміз дейді.
