Әлемдегі мұхиттарда пластик мөлшері күрт артқан
Жаңа зерттеу нәтижелері ғалымдарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әлемдегі мұхиттарда микропластик мөлшері күрт артқан. Соңғы 6 жылда 18 есе көбейген. Ғалымдар мұхиттардағы судың сапасын тексерген. Үнді және Атлант мұхитының оңтүстік бөлігі қатты ластанған.
Мұхиттар жер бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Мұнда ғаламшардағы тіршіліктің 80%-і өмір сүреді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мамандары алдағы 30 жылда өзен-көлдерде, теңіздер мен мұхиттарда пластик көлемі 3 есе артады, экожүйенің тепе-теңдігі бұзылды деп дабыл қағып жатыр.