Үндістанда пойыз апатынан 233 адам қайтыс болды
Үндістанда 2 жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып, 233 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мыңға жуық азамат жарақат алды. Алдын-ала мәлімет бойынша, «Шалимар-Коромандель» бағытында келе жатқан жүрдек пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып, басқа жолмен келе жатқан пойызбен соқтығысады. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.
Билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.