Түркияда президентті ұлықтау рәсімі өтеді
Бүгін Түркияда Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Президент парламент ғимаратында ант беріп, кейін Ататүрік мавзолейіне барады. Шараға 22 елдің басшылары мен 17 мемлекеттің үкімет басшылары қатысады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Бұдан бөлек, бірқатар елдің вице-президенті мен парламент спикерлері келеді.
Естеріңізде болса, Режеп Тайып Ердоған екінші турда сайлаушылардың 52,16% дауысын жинап, жеңімпаз атанған еді. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады.