Үндістанда пойыз апатынан қаза тапқан адам саны 288-ге жетті
Үндістандағы темір жолдағы апаттан мерт болғандар саны 288 адам.
Мыңға тарта жан жараланған. Алдын ала мәлімет бойынша "Шалимар-Коромандель" бағытында келе жатқан жүрдек пойыздың бірнеше вагоны рельстен шығып, басқа жолмен келе жатқан пойызбен соқтығысады. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, опат болғандар саны әлі де артуы мүмкін.