Канадада орман өрті өршіп тұр

Әсіресе Жаңа Шотландия провинциясындағы жағдай күрделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 10 өрт ошағы тіркелген. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қызыл жалын осы уақытқа дейін 230 шаршы шақырым жерді шарпып үлгерген.

Жалпы Канаданың бүкіл провинцияларын қамтыған алапат өрттің кесірінен 30 мыңдай адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Жыл басынан бері ел бойынша 2,7 миллион гектар жер отқа оранған. Бұл – 5 миллион футбол алаңымен бірдей аумақ.