Ұлыбританияда теміржолшылар шеруге шықты
Олар азық-түлік пен энергия бағасының қымбаттап кетуіне наразылық білдіріп, биліктен жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел бойынша бір тәулікке пойыз қатынасы іркілді. Метро тоқтап, халықаралық бағыттағы рейстер кейінге шегерілді.
Ұұлттық статистика қызметі келтірген дерек бойынша, наурыз айында елдегі инфляцияның деңгейі 10%-тен асқан. Бұл – Батыс Еуропа мемлекеттері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.