Швецияда НАТО-ға қарсы ереуіл өтті
Жүздеген адам Стокгольм көшелеріне шығып, халықаралық ұйымға мүше болуға қарсылық білдірді.
«Халық НАТО бізге керек емес!», - деп ұрандатып, түрлі жазбалары бар плакаттар ұстап шықты. Соңғы деректерге қарағанда, ереуілге 500-ге жуық адам қатысқан. Жыл басында Стокгольмде Швецияның альянсқа кіруіне қарсылық ретінде қоғам белсендісі қасиетті Құранды өртеген. Бұл әрекет осылайша Режеп Тайип Ердоғанның және барша мұсылман қауымының ашуын туғызған. Содан елдің Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына кіруі кейінге қалған. Енді шведтер ұйымдастырылған ереуілдер – түріктердің тағы ашуын туғызып, халықаралық ұйымға кіру мәселесі тежеледі деп сенеді. НАТО жақын арада Швецияны мүшелікке алғысы келеді. Бірақ Түркия мен Венгрия бұл қадамды мақұлдамай отыр.
Мариан Лиьлехольт, ереуілге қатысушы:
- Маған НАТО ұнамайды. Біз соғысқанды ұнатпаймыз. Біз НАТО-ға мүлдем сенбейміз. Бір соғыс болатын сияқты. Үрей басым. НАТО көп елде соғыс ашуға үлес қосқан. Бізге мұндай ұйым керек емес.