Польшада жарты миллион адам ереуілге шықты
Польшада да жағдай тұрақсыз.
Варшавада оппозиция өкілдері ұйымдастырған наразылық акциясына жарты миллионға жуық адам қатысты.
Халық билікке қарсылық білдірді. Азаматтар қазіргі үкіметке наразы екенін және оппозицияны қолдайтынын жеткізді. Бұл ереуіл 1989 жылы Польшадағы Социалистік режимнің құлдырауына әкелген алғашқы демократиялық сайлаудың 34 жылдығына орай ұйымдастырылған. Наразылық шарасын Еуропалық кеңестің бұрынғы төрағасы Дональд Туск бастады. Поляк оппозициясы осылайша күзде өтетін сайлау қарсаңында өз жақтастарының санын көбейтуді көздейді.