Түркияның арнайы әскери күштері Косовоға жетті
Бітімгершілік операция НАТО-ның сұрауы бойынша басталып отыр.
Бұл туралы Түркияның Қорғаныс министірлігі мәлім етті. Осылайша 65-ші жаяу әскер бригадасының командалық батальоны жұмысқа кірісіп кетті. Әскерилер Неапольде одақтас күштердің резервтік бөлімі ретінде орналасты. Еске салайық, Косовоның солтүстігінде қақтығыстар күшейіп, оның соңы саяси дағдарысқа ұсласты. Серб қауымдастықтарында жаңа басшылар сайланғаннан кейін, наразылық өршіп тұр. Звечан ауылында ереуілге шыққандар НАТО бітімгерлеріне тас пен отты сұйықтығы бар бөтелкелер лақтырып, қақтығыстардан 30 шақты шетелдік және 50-ден астам сербиялық әскери зардап шеккен.