АҚШ астанасының кеңістігіне шағын ұшақ заңсыз кірді
АҚШ астанасының кеңістігіне кеше шағын ұшақ заңсыз кіріп, дүрбелең туғызды.
Әуе кемесін жерге қондыру үшін әскери «Эф-16» ұшағы көкке көтерілді. Бірақ шағын әуе көлігі берген белгіге жауап бермей, ұзақ ұшқан. Бірталай уақыттан кейін Вирджиния штатындағы орманға барып, құлап түседі. Полиция ұшқыш есінен танып, ұшақ авто-пилот жағдайында ұшып жүрген деп отыр. Ал әуе көлігі иесінің айтуынша, оның бортында ұшқыштан бөлек қызы, немересі және бала күтуші болған көрінеді. Қазір оқиға тергеліп жатыр.