Гаитиде тасқын соңы лай көшкініне ұласты

Гаитиде тоқтаусыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат салдарынан 15 адам опат болып, 8 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Кей аймақтарда тасқын лай көшкініне ұласып, қауіпті жерлерден 13 500-ге жуық адам эвакуацияланды. Жүздеген үй су астында қалды. Қазір кей көшелер суға толы көлшікке айналған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 7 500-дей отбасы зардап шекті. Апаттың кесірінен елді жайлаған аштық одан әрі дендеп барады. Осыған байланысты Гаити премьер-министрі Ариэль Анри жергілікті және халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.