Польша астанасында жарты миллион тұрғын наразылыққа шықты

Польша астанасында оппозиция ұйымдастырған митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Варшава көшелеріне жарты миллионға жуық адам шығып, қазіргі билеуші партияға қарсылығын білдірді.

Митингті «Азаматтық платформа» поляк оппозициялық партиясы ұйымдастырды. Ондағы мақсат – билік басындағы саяси ұйымдардың ішкі саясатына наразылық таныту, - дейді ұйымдастырушылар. Наразылық шарасына Польшаның бұрынғы президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Лех Валенса да қатысты. Сарапшылардың пікірінше, бұл митинг – поляк оппозициясының сайлау қарсаңында өз жақтастарын біріктіру әрекеті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде Польшада парламенттік сайлау өтеді.