Әуе компанияларының табысы артты
Әлемде әуе тасымалдарының көрсеткіші пандемияға дейінгі деңгейге жетіп қалды.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының деректері осыған саяды. Жыл соңына дейін әуе тасымалының саны 4 миллиард доллардан асады деген болжам бар. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2019-жылы, яғни шекаралар жабылмай тұрып тіркелген. Сөйтіп саланың қайта жандануы нәтижесінде биыл әуе компаниялары 10 миллиард доллар пайда көреді деген болжам айтылып отыр.