Эквадорда су тасқынынан мыңдаған адам жапа шекті
Эквадордың Эсмеральдас аймағындағы су тасқынынан 10 мыңға жуық адам жапа шекті.
700-ден астам тұрғын шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғат апаты кезінде опат болғандар жоқ. Барлығы 21 мектеп қирап, бүлінген. Аймақта су тасқынының салдарымен күрес жүріп жатыр. Зардап шеккен әр жанұяға ақшалай көмек көрсетіледі.