Иракта қуаңшылық белең алды

Ирактың оңтүстігіндегі қуаңшылық салдарынан адамдар жаппай елден кетіп жатыр.

Өңірлердегі жағдай өте қиын. Бұрын ернеуінен асып жатқан өзен-көлдер қазір батпаққа айналған. Ал мұның зардабын балықшылар тартып отыр. Күн көрудің қамымен адамдар басқа елдерге қоныс аударып жатыр. БҰҰ мәліметтері бойынша, былтыр қыркүйекте Ирактан 62 мыңнан астам адам көшіп кеткен. Бұл көрсеткіш әлі өсуі мүмкін. Билік өкілдері қуаңшылыққа суды қалай болса солай тиімсіз пайдалану, өзендерде бөгеттердің жоқтығы және климаттың өзгеруі салдарынан жауын-шашынның азаю себеп дейді.