Чили астанасы Сантьягоны көк тұман басты

Бұл шаһар континеттегі ауасы ең лас қалалардың тізімінде көш бастап тұр.

Жергілікті ғалымдар қазір далада жүру мүмкін емес деп дабыл қағып отыр. Денсаулық сақтау министрі Химена Агилераның айтуынша, соңғы бірнеше аптада балалардың тыныс алу жолдарының аурулары көбейген. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, былтырғыдай қатаң шектеу шаралары болмайды деп ескертті министр.