Гаитиде су тасқынынан қаза тапқандар саны артты
Гаитиде су тасқынынан қаза болғандар саны 42-ге жетті.
85 адам жарақат алды. Тағы 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Шелектеп құйған жаңбырдан көп елді-мекенді су басып, 14 мыңға жуық үй суға кеткен. Мемлекеттің ауыл шаруашылығына да зор шығын келді. Толассыз жауыннан әсіресе осы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласы мен батыс өңірлер, қатты жапа шекті. Апат аудандарында тасқын салдарымен күрес жүріп жатыр.